← Блог

Біздің команда «Еркіндік сезімдері» жобасының үстінде бірнеше ай бойы жұмыс істеп келеді, онымен Тәуелсіздік күнін мерекелеу күндерінде «Хабар» телеарнасында таныса аласыздар

Біздің команда «Еркіндік сезімдері» жобасының үстінде бірнеше ай бойы жұмыс істеп келеді, онымен Тәуелсіздік күнін мерекелеу күндерінде «Хабар» телеарнасында таныса аласыздар
«Еркіндік сезімдері» - еліміз Тәуелсіздігінің 30 жылында болған, біз мақтан тұта алатын және өкінетін көптеген оқиғалар туралы баяндайтын деректі сериал. Әрине, барлығы туралы айтып шығу мүмкін емес, сондықтан біз ең қызықтыларына тоқталдық. Бұл — Семей полигонының жабылуы, Наурыз ұлттық мерекесін тойлау дәстүрінің қайта оралуы, отандастарымыздың Олимпиадалардағы ұлы жеңістері, «Той жыры» әнінің жазылуы, «Борат» фильмінің премьерасы, қазақтардың алғашқы дүниежүзілік құрылтайы,  – ұлттық валюта теңгенің енгізілуі, мемлекеттік рәміздердің қабылдануы, алғашқы сайлаулардың өткізілуі және т. б.

чн_для_сайта_БВ(1).jpg

чн_для_сайта_БВ(2).jpeg

Деректі кино көңілді бола алмайды деген пікір бар. Біз сериалымызда көрерменге жай ғана ақпарат беріп қоймай, көркем кино әдетте істейтіндей, оның көңілін көтеруге де тырысамыз. 

Спикерлердің жеке оқиғалары осы кейіпкерлердің дауыстары арқылы ғана емес, фото және бейнемұрағат, сондай-ақ олар үшін арнайы жасалған иллюстрациялар арқылы да ашылады.

Кейіпкерлерден бөлек сериалда баяндаушы мен тарихи тұлғалар бар. Олар көрерменмен тікелей сөйлеседі – сұрақтар қояды немесе, керісінше, оны ойға қалдырады. Бір серияда Қазақстанның өткен ғасырлар мен қазіргі заманның ұлы ойшылдары кездесуі мүмкін: Жусип Баласагуни, Газиза Жубанова, Шокан Уалиханов, Гульфайруз Исмаилова, Абай, Герольд Бельгер және басқа да көптеген тұлғалар. Олардың монологы – тұлғалардың кітаптары мен сұхбаттарынан алынған нақты дәйексөздер. Олар тақырып бойынша түсініктеме беріп, болып жатқан оқиғаға өз философиялық көзқарасын қосады.
 
чн_для_сайта_БВ(3).jpg

Ақпаратты беруге арналған визуалды шешімдердің бірі ретінде «хромакей» технологиясымен жұмыс таңдалды. Осылайша баяндаушы мен тарихи тұлғалардың артында жарияланған тақырыптың «көңіл-күйін» жеткізетін және оны одан әрі тереңірек ашуға көмектесетін бағаналарды көреміз.

чн_для_сайта_БВ.JPG

Сондай-ақ сериалдың маңызды элементтерінің бірі — музыкалық үзіліс. Егер «Ностальгия» сериясында бұл — елдің 30 жылдағы ең танымал әндерінің попурриі болса, «Махаббат» сериясында — «Дос-Мукасан» ВИА әншілерінің өз аузынан аңызға айналған «Той жыры» әнінің жазылу тарихы.

чн_для_сайта_БВ(4).JPG

чн_для_сайта_БВ(5).JPG

Жобада белгілі адамдардан елтаңбаның авторы Жандарбек Малибеков, ҚР тұңғыш сыртқы істер министрі Тулеутай Сулейменов, «Уркер» тобының әншілері, цирк артисі Мурат Мутурганов, актерлер Маржан Козыбаева мен Жан Байжанбаев, «Жайдарман» жобасының жетекшісі Есен Елеукен, Ляйля Султанкызы, Бахтияр Артаев сөз сөйлейді. 
 
чн_для_сайта_БВ(6).jpg

Біздің жоба туралы «Казахстанская правда», «zakon.kz» және «365info.kz» сияқты жаңалық порталдары да жазды.
КҰ алубір минутта