← Блог

«Шын Жүректен» әлеуметтік жобасы

«Шын Жүректен» әлеуметтік жобасы
1 наурызда Қазақстандағы «Алғыс айту күні» біздің команда «Шын Жүректен» әлеуметтік еріктілер жобасын іске қосты. Еліміздің тұрғындары лайықты адамдарға «рахмет» айта алады. Ол үшін Jurekten.kz сайтына кіріп, алғыс хат жіберу жеткілікті. Жылы сөздердің адресаты кез келген адам болуы мүмкін: ата-ана, алғашқы ұстаз, дәрігер немесе бейтаныс адамдар.

Жоба жетекшісі, Black & White Production компаниясының атқарушы продюсері Адина Хамар: «Адам үшін «рахмет» айту ештеңе тұрмайды, ал ол айтылған адамға бұл жағымды болады. Біз ерекше кезеңді бастан өткеріп жатырмыз, пандемияға байланысты қиындықтар мен шектеулер отандастарымыздың көңіл-күйіне әртүрлі әсер ете бастады, ал біздің жобамыз — біреу шын жүректен айтылған «рахметті» естуі үшін алғыс білдіруге шақыру».

Біз жағымсыз жаңалықтарды жиі естиміз немесе оқимыз. Айналамызда сонша ашулы әрі қатыгез адамдар өмір сүретіндей көрінеді. Ал мейірімділік, өзара көмек, махаббат ше? Олар жоғалған жоқ, олар туралы жай ғана аз айтылады. Сондықтан өз оқиғаларымызбен бөлісейік және айналамызда қаншама жанашыр адам бар екенін көрейік!


«Рахмет» ештеңе тұрмайды. Қарапайым сөз. Бірақ ол айтылған адам үшін оның мәні қаншалықты зор.

Біз, жанашыр қазақстандықтар тобы, сізге алғысыңызды онлайн білдіруді ұсынамыз. Жылы сөздердің адресаты кім болатыны маңызды емес — дәрігер, мұғалім, кездейсоқ жолаушы немесе кәсіби құтқарушы.

ОЛАРҒА ӨЗ «РАХМЕТІҢІЗДІ» ДӘЛ ҚАЗІР АЙТЫҢЫЗ!

Сайтқа сілтеме: Jurekten.kz
КҰ алубір минутта