← Блог

Black and White командасымен және жұмыс қағидаттарымен танысу

Black and White командасымен және жұмыс қағидаттарымен танысу
1-кезең – сіз бізге идеямен келесіз немесе біз сізге ұсыныспен келеміз. Бұл кезеңде сіз компаниямыздың жүзі саналатын адамдармен – коммерциялық директор Тлек Каналинмен және оның сату кеңсесінің бүкіл командасымен танысасыз.

2-кезең – біз сіздің барлық қажеттіліктеріңізді саралаймыз, сіз туралы бүкіл ақпаратты зерделейміз, алға қойылған міндетті дәл қандай формат шешетінін түсінеміз, содан кейін мұның бәрін сізбен талқылаймыз, сіз де өз ұсыныстарыңызды енгізе аласыз.

3-кезең – препродакшн - біз сценарий әзірлейміз, түсірілім тобын жинаймыз, локацияларды, реквизиттерді және қажеттінің бәрін іріктейміз. Препродакшнға продюсер, сценарист және режиссер ретінде Маржан Бекмаганбетова, Николай Энелане және олардың жобаларды басқару кеңсесінің командасы қосылады.

Black & White бейнепродакшны 4-кезең – продакшн – біз түсірілімді бастаймыз, біздің түсірілім үдерісіміз қаламен де, тәулік уақытымен де шектелмейді, өйткені біз үшін ең бастысы — түпкі нәтиже. Бұл кезеңде команда оператор, қоюшы суретші, гафер, редактор, гример, костюмер есебінен кеңейеді. Дана Мутурганова және оның бэк-офис командасы.

5-кезең – пост-продакшн – түсірілген материалды монтаждау: монтаж режиссері түсірілгеннің бәрін қарап шығып, жоба режиссерімен бірге оны дайын өнімге жинайды. Біз сапалы түсті түзету, графика жасаймыз, саундтрек саламыз және нәтижеге көңіліңіз толуы үшін бәрін әдемі етіп ресімдейміз. Бұл кезеңге монтаж режиссері, дизайнер, моушн-дизайнер, иллюстратор, композитор қатысады.

Сондай-ақ барлық кезеңде жоба біздің басшылық пен әкімшілік кеңсенің бақылауында болады.
КҰ алубір минутта