← Блог

Қарапайым көрермен аңғара бермейтін кино түсірудің 20 тәсілі

Қарапайым көрермен аңғара бермейтін кино түсірудің 20 тәсілі

Артқы фондағы әңгімешіл актерлер

Бас кейіпкерлердің артқы жағында сөйлесіп тұрған әңгімешіл актерлерді бәрі көрген. Шын мәнінде, олар жай ғана еріндерін үнсіз қимылдатады. Массовкадағы кейбір адамдар үнсіз сандар жиынын айтады: 341, 29, 45, 119, 9 және т. б. Бұл кез келген бөгде дыбыстың бас кейіпкердің микрофонына естілетініне байланысты. Сол себепті олар көбіне дыбыссыз отырады. Егер сценарий бойынша қол шапалақтау керек болса, олар шапалақтайды, бірақ алақандарын бір-біріне тигізбейді.

Дыбыстардың ерекшеліктері

Дыбыс шығару үшін қолға түскеннің бәрін пайдалануға болады. Мысалы, атақты «Властелин колец» фильмінде назгулдардың үрейлі шыңғырығын жасау үшін пластик тәрелкені стаканға үйкеуге тура келді. Қорқынышты фильмдерді түсіруге қатысатын дыбыс режиссерлері жемістер мен көкөністерді (атап айтқанда, қырыққабат пен қарбызды) пайдаланады, өйткені олар сынған сүйектің, көзді тесудің және т. б. дыбыстарына жақсы балама болады. Бұл — кинематографтың құпияларының бірі.

Фильмнің соңғы нұсқасы

Сценарий бойынша түсірілген сахналардың бәрі бірдей фильмнің соңғы нұсқасына енбейді. Сондықтан кейбір кинотуындылардың кеңейтілген нұсқасы да болады. Мысалы, нағыз жанкүйерлерге арналған барлық маңызды сахналар жинақталған «Властелин колец» 3 сағатқа ұзағырақ жүреді.

Бір қызығы, «Титаник» бастапқыда 5 сағатқа созылған, бірақ кинотеатр көрермендері үшін кейіпкерлер барынша терең ашылатын көптеген сахнадан бас тартуға тура келді.

Мысалы, капитан Смит барлық құтқару қайығын кері қайтуға рупормен шақырып, олардың мүмкіндігінше көп адамды алып кетуін сұрады. Сондай-ақ «Карпатия» кемесіндегі құтқару сахнасы алып тасталды. Бірақ фильмнің соңы әлемдегі барлық киноманға белгілі күйінде қалды.

Хромакей

Егер фильм түсірілімінен жасыл экранды көрген болсаңыз, оның хромакей деп аталатынын біліп қойыңыз. Кейіпкер оның аясында түсірілгеннен кейін компьютерге жасыл түстегі барлық пиксельдерді жоюды тапсыруға болады, нәтижесінде кейіпкердің бейнесі бөлек шығады. Осыдан кейін оны кез келген фонға қалағандай орналастыруға болады.

Түсірілімде хромакейдің түсі кез келген болуы мүмкін, бірақ көбіне дәл жасыл түсті қолданады, өйткені бұл реңк адам терісінің түсінде кездеспейді, сондықтан оны бөліп алу едәуір оңай.

Қорқынышты фильмдерде балаларды қалай түсіреді

Қорқынышты фильмдерде балаларды қалай түсіретіні қызық. Бүкіл процесті оларға ойын ретінде ұсынады: алаңда қуыршақпен жүгіріп жүруді, қызыл шырын төгуді, актерге қарауды және т. б. сұрайды. Көбіне кішкентай актерлер өздерінің қандай фильмге қатысып жатқанын да білмейді.

Адамы көп алаңда қорқынышты ештеңе жоқ, өйткені ең үрейлі нәрселердің бәрі постпродакшн кезеңінде қосылады. Мысалы, Дэнни Ллойд (Кубриктің «Сияние» фильміндегі бала) өзінің қандай фильмге түскенін он алты жасқа толғаннан кейін ғана, картинаның толық нұсқасын көргенде білген.

Кинодағы компьютерлік графика

Егер экранда үлкен қамалдар мен болашақ қалалары көрсетілсе, бұл үшін әрдайым компьютерлік графика немесе нағыз декорациялар пайдаланыла бермейді. Бұл — үлкен миниатюралар, немесе декораторлар атап кеткендей, «бигиатюралар».

Төсек сахналары

Бұл эпизодтар актерлер құрамы үшін психологиялық тұрғыдан ең қиын болып саналады. Жағдайды жеңілдету үшін оларды түсірілімнің соңына, актерлер танысып, азды-көпті жақындасып үлгерген кезге ауыстырады. Киіммен талай рет репетиция жасайды, түсірілім алаңындағы адамдар санын барынша азайтады, ең соңғы жағдайда мұндай сахналарда «төсек дублерлерін» пайдаланады.

Айнада көрінбей қалай түсіреді

Айнаны түсіру процесі де күрделі, өйткені онда камераның шағылысы болмауы үшін бәрін жасау керек. Бірақ, бақытымызға қарай, түрлі айла-тәсілдер бар. Мысалы, бұрыш жасап түсіру: актер өз шағылысына емес, камераның шағылысына қарайды, соның арқасында кадрда ол тура өзіне қарап тұрғандай әсер туады.

Стандартты емес әдісті Джеймс Кэмерон екінші «Терминаторды» түсіргенде ойлап тапты. Шағылысты Шварценеггердің өзі және Линда Гамильтонның егіз сіңлісі ойнады, ал айнаның бергі жағындағы кейіпкерлерді — дублер мен Линда Гамильтонның өзі ойнады.

Кейіпкерлер тамақ жейді, ал кадрдағы актерлер жемейді

Кейіпкерлер тамақ жейді, ал кадрдағы актерлер жемейді. Дубльдердің көптігіне байланысты актерлер әр түсірілген сахнада тамақ жей алмайды. Әсіресе бұл кадрда жеңіл тамақ емес, толыққанды ас болған жағдайларға қатысты. Сондықтан кадрдағы тағамды шайнайды, бірақ жұтпайды. Ол үшін алаңда актерлер бәрін түкіріп тастайтын арнайы ыдыстар қарастырылған.

Фильмдердегі костюмдер

Костюмдер бір кинотуындыдан екіншісіне «көшіп» жүруі мүмкін. Актер Доун Макхарти мойындағандай, оның «Инсургент» фильміндегі костюмі бұған дейін «Пираты Карибского моря» фильмінде «түскен».

Костюмерлер жалпы қолдан келгенше «айналып» жүреді. Мысалы, жақында «Игра престолов» сериалының костюм суретшісі Түнгі күзеттің мантиялары IKEA-дағы арзан кілемдерден тігілгенін айтып берді.

Кинодағы темекі

Актерлер нағыз темекі шекпейді, өйткені сахналар саны соншалықты көп болғанда олар ұзаққа шыдамас еді. Бұл мақсатта құрамында никотин жоқ шөп темекілерін пайдаланады.

Бірақ кейде актерлер бәрібір рөлге толықтай еніп кетеді. Мысалы, «Зловещие мертвецы» фильмінің түсірілім алаңында актерлер құрамы марихуана шеккен жастарды сенімдірек бейнелеуді ұйғарып, шынымен шөп шегіпті. Бірақ нәтижесі күтпеген болып шықты: олар сенімді түсіре алмағаны былай тұрсын, түсірілімді мүлдем кейінге қалдыруға тура келді.

Түнгі жол сахналары

Түнгі жол сахнасы көрсетілген экранда асфальтқа қарасаңыз, ол, сірә, дымқыл болады. Бұл мұндай бет жарықты шағылыстырып, керемет контраст туғызатындықтан қажет.

Кинодағы қорқынышты бұлттар

Қала үстінде қоюланған бұлттардың әсерін жасау үшін сумен толтырылған резервуарға бояу немесе сүт бүркетін арнайы Сloud Tank машинасын қолданады. Ал егер бұлттардың арасында ұшатын тәрелкені бейнелеу керек болса, онда фрисби тәрелкесін ұшырады.

Эпикалық су сахналары

Эпикалық су сахналарын арнайы бассейндерде түсіреді, мысалы, ескі кеңестік бассейндердің бірі — Қырым дауыл бассейні.Ал «Титаник» декорацияларын алдымен салып, содан кейін әдейі суға батырды.

Көп нәрсе шын мәнінде алғашқы көзқараста көрінгендей емес

Фильм түсіру кезінде көбіне көрінгендей емес нәрселер болады:

  • есірткі — құрғақ сүт, дәрумендер немесе қант ұнтағы;
  • қан — тағамдық бояғышы бар жүгері сиропы (бірақ рецепттер көп);
  • шыны — қант шынысы немесе жұқа пластиктен жасалған шыны;
  • сыра — алма шырыны;
  • күшті алкоголь — сірке суы;
  • стакандағы мұз — желатин;
  • тер — раушан суы немесе глицерин.

Көптеген фильмдерде тіпті қар да жасанды. Голливудта оны өндіруге Snow Business компаниясы жауап береді, ол қар жасау үшін өңделген қағазды пайдаланады.

Кинодағы эффектілердің табысты болуының басты құпиясы — премьераға дейін толық құпиялылық. Сондықтан түсірілім алаңына гаджеттер әкелуге және фото мен бейне түсіруге тыйым салынған. Бір қызығы, «Дивергент» түсірілімі кезінде процестің суретін әлеуметтік желіге жариялаған қыз түсірілім тобынан шығарылып, сондай-ақ кинокомпаниялардың қара тізіміне енген.

Себебі түсірілім — жаңа туындының дүниеге келуінің едәуір күрделі процесі. Демек, жаңа фильм дайын болғанға дейін тәуекелге барып, барлық картаны ашудың қажеті жоқ.


КҰ алубір минутта